Компания туралы

«КазГерСтрой» компаниясы жұмысының негізгі өлшем шарттары

Құрылыс сапасы

Компания «КазГерСтрой» компаниясы Қазақстан мен Германияның құрылыс саласындағы сарапшыларымен құрылған бірлескен кәсіпорын болып табылады. Осындай үйлесім арқасында компания жұмысының сапасы кәсіптік ортада жоғары бағаға лайық. Өз кезегінде жоғары баға көптеген наградалармен, дипломдармен және сертификаттармен расталады.

Қазақстанның билік органдарымен ынтымақтасу

«КазГерСтрой» құрылыс холдингі Қазақстанның мемлекеттік органдарымен белсенді ынтымақтасып, инфрақұрылымды жаңғырту және әлеуметтік мұқтаждар үшін ең маңызды нысандарды әзірлейді. Біз Отанымыздағы өмір сапасын жақсарту туралы айтып қана қоймай, оны жақсартамыз және Қазақстан астанасының өркендеуіне елеулі үлес қосамыз.

Тиімді құрылыс шешімдері

Оңтайлы құрылыс көрсеткіштеріне жете отырып, «КазГерСтрой» компаниясы Қазақстанды жайластырудың оңтайлы сәулеттік-жоспарлық шешімдерін әзірлеу үшін инновациялық бизнес-модельді қолданады

Жаңа технологиялар

Ешнәрсе орында тұрмайды. Ілгерілеу құрылыс саласының барлық аяларына қатысты.  Компания «КазГерСтрой» компаниясы өз жұмысында тек қана озық әлемдік тәжірибеде пайдаланылатын заманауи технологиялар мен материалдарды қолданады. Оның үстіне, әр үдеріс ISO:9001 сапа стандарттарына толық сәйкес келеді.

НАГРАДАЛАР МЕН СЕРТИФИКАТТАР

«КазГерСтрой» холдингінде ҚР СТ ИСО 9001:2001 стандартының талаптарына сәйкес деп танылған сапа менеджменті жүйесі әзірленген, енгізілген және ұдайы жетілдірілуде. Бұл ретте компанияның

қызметін басқару үдерістік тәсілдеме негізінде жүзеге асырылады. Осындай тәсілдеме жедел басқаруды жетілдіруден басқа, барлық жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасын ұзақ мерзімді кепілі болып табылатын тиімді ұйымдастыру құрылымын құруға мүмкіндік береді.

«КазГерСтрой» холдинг қызметкерлерінің көпжылдық тәжірибесі, шығармашылық тәсілдемелері және кәсіпқойлығы әлденеше рет ресми наградалармен дипломдармен марапатталды, мысалы:  
Мәскеудегі «Зодчество 2006» 14-ші халықаралық фестивальде РФ Архитекторлар Одағының Алтын дипломы

«2005 жылдағы ең үздік құрылыс нысаны» конкурсы шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің ІІ дәрежедегі дипломы

Софиядағы «INTERARCH 2006» бүкіләлемдік архитекторлардың триеналле дипломы

ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТ

Компанияның табысы жеке алынған әр қызметкердің жеке әлауқатына байланысты екенін біле тұра, «КазГерСтрой» холдингі әлеуметтік мәселелерді шешуге көп көңіл бөледі. Өйткені, тек қана жұмыс үшін және біліктілікті арттыру үшін барлық жағдайларды жасап, және де еңбекті лайықты төлеп қызметкерден еңбектің толық қайтарымын талап етуге болады.

Біздің компания – Қазақстан Республикасындағы жұмыскерлерді тегін арнайы және тамақтандырумен қамтамасыз ететін, оларды жұмыс алаңшаларына дейін жеткізетін аз ғана компаниялардың бірі. Вахталық әдіспен істейтін қызметкерлерге толық тынығу үшін барлық жағдайлар жасалған жатақхана беріледі. Офистік қызметкерлер үшін кең асхана салынған, бұл ретте президент те, қатардағы жұмысшы да, жуып жинаушы да бір тамақты ішеді. Бұның еш таңданатыны жоқ, өйткені ет, көкөніс, сүт өнімдері өз қосалқы шаруашылығынан жеткізіледі! Ал егер адал қызметкер қиын жағдайға ұшыраса, ол әрқашан компанияның материалдық көмегіне сене алады. «КазГерСтрой» компаниясы жұмыскерлері Астана, Қазақстан «КазГерСтрой» холдингінің әлеуметтік жауапкершілігі компанияның шегінен тыс та таралады. Біз қалалық қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысамыз және жүйелі түрде демеушілік қолдау көрсетеміз. Мысалы, Республикалық диагностикалық орталығы үшін автокөлікке арналаған тұрақты салдық, Астана қаласы Түйіспелі жекпе-жек федерациясы үшін бірнеше рет қаржылық қаражат бөлінді, ардагерлер мен зейнеткерлерді қолдау үшін науқандар өткізіледі.

 

Спасибо за заявку
Ожидайте нашего звонка.